Қазақстан жаңалықтары30 мамыр 2024, 11:23

ШҚО-да полицей көрсеткішін жақсарту үшін жалған хаттамалар толтырған

Шығыс Қазақстан облысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды қолдан жасаған полицей 2 жарым жылға сотталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен қалалық полиция басқармасын тексеру барысында патрульдік полиция инспекторының әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды қолдан жасау фактісі анықталды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Тәртіп сақшысы өзінің қызметтік көрсеткіштерін арттыру үшін жалған хаттамалар толтырған. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен айыпталушы 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді», - делінген ақпаратта.

Мұндай фактілердің алдын алу мақсатында облыс прокуратурасы ШҚО Полиция департаментінің басшылығына қылмыстық құқық бұзушылық пен басқа да заң бұзушылықтардың алдын алу қажеттілігі туралы ескертті.

«Сонымен қатар прокуратураның сотқа дейінгі тергеу басқармасы қалалық ПБ патрульдік полициясының барлық жеке құрамымен кездесіп, жедел кеңес ұйымдастырды. Полиция қызметкерлеріне өз әріптесінің қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны және осындай фактілер үшін ҚР Қылмыстық кодексінде қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірілді», - делінген хабарламада.

ШҚО жалған хаттама полицей Көрсеткіш

Тақырыпқа жаңалықтар