СҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 7 ақпанда "Жезқазған – Петропавл" автожолында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Shacman жүк көлігі мен Toyota Camry жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

Жол апаты дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жолдағы ахуалды ескеруді және көліктердің техникалық жай-күйін бақылау керек екенін ескертті.

СҚО жол апты Марқұм Адам

Тақырыпқа жаңалықтар