ШҚО-да жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады
ШҚО-да жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды Arbat.Media.
«ҚазАвтожол» компаниясының хабарлауынша, ауа райының бұзылуына байланысты 7 қаңтар сағат 16:00-де республикалық маңызы бар «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолының 15-105 шақырымы аралығында, яғни Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады.
«Жолды 2026 жылғы 8 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», - делінген хабарламада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: