Қазақстан жаңалықтары1 мамыр 2024, 12:00

Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан 13 адам жауапқа тартылды

Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратқан адамның заң аясында жауап беретінін тағы да еске салады. Жалған ақпараттың дені гуманитарлық көмек ұрланып жатыр, әкімдіктер өздеріне иеленуде, адам өлімі мен мал қырылды деген сарында, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.  

«Су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратқан 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 2 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында 7 адам, Астана қаласы мен Маңғыстау облысында 2 адам, Атырауда 1 адам және БҚО-да 1 адам жауапқа тартылды. Жалған ақпаратты білместіктен тарату заң бойынша жауапкершіліктен босатпайды, біз оны бірнеше рет ескерттік. Жалған ақпаратпен күрес жалғасып жатыр, мониторинг жүргізіп отырмыз. Осы орайда жалған ақпарат таратқан жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің барын еске саламыз», - деді министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев. 

 

жалған ақпарат Тасқын жауапқа тарту

Тақырыпқа жаңалықтар