Қазақстан жаңалықтары7 сәуір 2024, 13:08

Су тасқыны: уақытша орналастыру пункттерінде 990 бала бар

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметінше су тасқыны басқан өңірлерде 1 мыңға жуық бала уақытша орналасу пункттеріне жеткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Балаларға медициналық көмекке келетін болсақ, уақытша орналастыру пункттерінде 990 бала бар. Дәрігерлер үнемі тексеріп, әр баланың денсаулығын бақылауда. Денсаулық сақтау министрлігі, сондай-ақ барша медицина қызметкері алдағы уақытта да халқымыздың денсаулығы үшін жұмыс істеп, қиын-қыстау кезеңде мұқтаж жандарға көмек пен қолдау көрсетуді жалғастыра бермек», - деді министрліктің ресми өкілі Әйгерім Уразалиева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, санитарлық-эпидемиологиялық мәселе де ведомствоның тұрақты бақылауында. Сумен жабдықтау нысандары, кәріздерге және зираттарға мониторинг күшейтілген.

1 мыңға жуық бала ҚР ДСМ уақытша орналастыру пункт

Тақырыпқа жаңалықтар