Шығыс Қазақстанда өртке оранған үйден әйелдің мәйіті табылды

Шығыс Қазақстанда өртке оранған үйден әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға Глубокое ауданының аумағында болған.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жазда тұруға арналған жеке тұрғын үйдің бір бөлігі мен шатыры, сондай-ақ аулада тұрған екі жеңіл көлік өртеніп кетті.

Өрттің жалпы алаңы – 70 шаршы метр.

Қайғылы оқиғаның алдын ала себебі – отты абайсыз пайдалану.

ШҚО Өрт Әйел мәйіт

Тақырыпқа жаңалықтар