FlyArystan артық багаж үшін қосымша ақы алып, 1,5 млрд теңге табыс тапқан

FlyArystan 2025 жылы багаждың белгіленген салмағынан асқаны үшін 1,5 млрд теңге табыс тапқан. Бұл туралы компанияның қаржылық есебінде айтылған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Лоукостер стандартты билет құнына салмағы 7 келіге дейінгі, көлемі 56×23×35 сантиметрден аспайтын шағын қол жүгін ғана енгізеді.

Әуежайда багаждың белгіленген салмағынан асып кеткені анықталса, жолаушы қосымша ақы төлеуге мәжбүр болады. Бұл сома тасымалдаушының сайтында немесе мобильді қосымшасында қосымша багажды алдын ала сатып алғаннан әлдеқайда қымбат.

компания Тасымалдаушы Әуежай багаж

Тақырыпқа жаңалықтар