Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов қызметінен кетті
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов қызметінен кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оның төраға қызметінен кеткенін партияның баспасөз қызметі растады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 10-бабы 5-тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер өз лауазымдық өкілетін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардан, қоғамдық және діни бірлестіктерден тәуелсіз және бейтарап болуға міндетті. Бүгінде Берденов Respublica партиясының құрылымында қандай да бір басшылық лауазым атқармайды. Бірақ партия мүшесі ретінде қала береді», – деп мәлімдеді партия өкілі.
Айта кетейік, 2025 жылы 24 ақпанда Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған болатын. Бұл тағайындаудан кейін оның Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.