Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды
21 жастағы студент қызды көшеде қуалап жүріп өлтірген 28 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады Arbat.Media.
Іздеуге қалалық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған. «Қалаға кіреберіс және шығаберіс аумақтарда бақылау күшейтіліп толық тексеру жүргізілді. Күдікті қала сыртындағы ашық аумақтан, шамамен 10 шақырым қашықтықта анықталып, ұсталды», — деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, 11 қаңтар күні кешке Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің маңынан қыздың мәйіті табылған еді. Марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: