Шымкентте 21 жастағы қызды танысы көшеде қуып жүріп өлтірді

Шымкентте көпқабатты үйдің маңында 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмған. Қайғылы оқиға кеше, 11 қаңтар күні түнде болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алдын ала мәлімет бойынша, қызды танысы пышақтап өлтірген, Осыған қатысты Шымкент қаласы полиция департаменті түсінік берді. Полиция мәліметінше, кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалған. Күдіктінің жеке басы анықталды.

«Қазіргі уақытта оны ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп хабарлады полиция департаменті.

Шымкент ер адам Қылмыс полиция
10 қаңтар 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 қаңтар 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар