Қазақстан жаңалықтары3 қазан 2025, 10:10

Шымкентте 24 жастағы жұмысшы көз жұмды

Шымкентте көпқабатты үйдің құрылысы кезінде 24 жастағы Үмітжан Балтабаев 5-қабаттан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол мердігер компанияда келісімшартсыз жұмыс істеп жүрген. Әріптесінің айтуынша, нысанда қауіпсіздік талаптары сақталмаған, ал марқұм ашық тұрған лифт шахтасына құлаған.

Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Үмітжанның әкесі 7 жасында қайтыс болған, содан бері ол үйдің жалғыз асыраушысы еді.

Шымкент Құрылыс қаза тапты Жұмысшы
15 қараша 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 қараша 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 қараша 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар