Шымкентте 26 жастағы әйелді өлтірген жасөспірімнің ісі қайта қаралды

Шымкентте 26 жастағы келіншекті айуандықпен өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған оқушыға қатысты сот үкімі өзгерді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Диана Оңғарбаеваны азаптап ажал құштырған 16 жастағы қылмыскер 7 жыл 6 айға сотталған еді. Бұған келіспеген марқұмның жақындары апелляцияға беріп, бүгін үкім шықты. Сотталушының жаза мерзімі бар болғаны 1 жылға ұзарды.

Айыптау актісінде прокурор Оңғарбаеваны өлтірген оқушы оның мәйітін зорлағанын да оқыған еді. Алайда қылмыскер сот залында бастапқыда айтқан сөздерінен айнып шықты. Сөйтіп зорлыққа сөзден басқа дәлел жоқ деп тағайылған айып алынып тасталды.

Бірақ мұнымен марқұмның анасы келіспейді. Сот бойы жүрегін ұстап отырған жәбірленуші берілген жазаның тым жеңіл екенін айтады.

Шымкент Марқұм Оқушы Жаза

Тақырыпқа жаңалықтар