Шымкентте 3 жастағы бала жантүршігерлік жағдайда мерт болды
Шымкентте 3 жасар бала жоғарғы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шымкент қаласының Тұран шағынауданында қайғылы жағдай болды. Көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатындағы терезеден 3 жасар бала құлап кетті.
Ауыр жарақат салдарынан сәби оқиға орнында көз жұмды.
Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. 3 жастағы баланың нешінші қабаттан құлағаны әлі белгісіз.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: