Шымкентте әкімдік ғимараты өртенді

Шымкентте Абай ауданы әкімдігінің ғимараты өртенді, деп хабарлайдыArbat.Media.

14 тамызда сағат 03:19-да 112 қызметіне әл-Фараби ауданы Тәуке хан даңғылы №3 мекен жайда орналасқан әкімшілік ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

"Өрттің жалпы көлемі 1200 шаршы метр болды. Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 21 техникасы мен 88 қызметкері, апаттар медицинасы орталығынан 1 техника және 3 маман, жергілікті атқарушы органдардан 2 техника және 2 қызметкер жұмылдырылды.

Шымкент Өрт Әкімдік ғимарат
Кеше, 9:24 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:33 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар