Шымкентте білім саласындағы былық анықталды

Шымкентте мұғалімдерге артық сағат беріліп, 2 мыңнан астам бос орын жасырылған, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Шымкентте 1286 мұғалімге белгіленген нормадан бірнеше есе артық сағат берілгені анықталды. Тексеру барысында кей педагогтердің апталық жүктемесі 16 сағаттың орнына 60–70 сағатқа дейін жеткен.

Мұндай заңбұзушылық қаладағы 83 мектепте тіркелген.

Сонымен қатар жалақысы төмен қызметкерлерге төленуі тиіс үстеме ақы тәртібі бұзылып, 2845 адамға негізсіз төлем жасалған. Нәтижесінде мемлекетке 700 млн теңгеден астам шығын келген.

Мектеп Шымкент Оқушы Мұғалім

Тақырыпқа жаңалықтар