Шымкентте елді дүрліктірген төбелестен аман қалған адам жансақтау бөлімінен шығарылды
Шымкентте жолда болған жаппай төбелестен кейін тірі қалған азамат жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 36 жастағы науқастың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Төбелес 20 қаңтар күні болған еді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл жол апаты алдын ала жоспарланған қылмыстық есеп айырысуды бүркемелеу үшін жасалған болуы мүмкін. Нәтижесінде 40 жастағы Василий Колесников қаза тапты. Екінші жәбірленушіге ауыр пышақ жарақаттарымен ота жасалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция жеті күдіктіні ұстады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: