Қазақстан жаңалықтары16 мамыр 2024, 9:00

Шымкентте есірткі курьері қылмыс үстінде ұсталды

Шымкентте есірткі жасырумен айналысқан ер адам ұсталды. Күдікті полицейлерге бағынбай, қашып кетуге тырысқан. Бірақ тәртіп сақшылары оның соңынан қуып, қамауға алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қала тұрғынынан аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі тәркіленді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Полицейлер есірткі курьерін Қаратау ауданындағы рейд барысында қала көшелерінің бірінен қылмыс үстінде ұстаған.

Ер адамнан 36 орама мефедрон табылды.

«Ұсталған азаматтың интернет арқылы оңай „жұмыс“ тауып, қала аумағында есірткі қойып кетумен айналысқаны анықталды. Ал жасырын орындар туралы ақпаратпен ол мессенджерде бөлісіп отырған. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», -деді қалалық полиция департаменті.

Бұған дейін Шымкент полицейлері синтектикалық есірткінің 2 мыңнан астам дозасының қала аумағында таралуының алдын алған болатын.

Есірткі сатушыны жедел уәкілдер Абай ауданының аумағында ұстады.

Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде есірткіні өлшеп орауға арналған таразы, изолента, «термоусадка», гриппер-пакеттер, сонымен қатар аса ірі мөлшердегі мефедрон табылды.

Ер адам интернет-мессенджер арқылы есірткі салынған пакеттер жасырылған орындар туралы ақпарат алып, оларды бір реттік дозаларға бөліп, өткізумен айналысқан.

Аталған қылмысты жасағаны үшін 34 жастағы күдікті он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Шымкент Есірткі курьер

Тақырыпқа жаңалықтар