Шымкентте ірі алаяқтықпен айналысқан күдікті ұсталды
Шымкентте ірі алаяқтықпен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті 2,5 млн АҚШ долларын құрайтын бизнесті криптовалюта арқылы есеп айырысу жүргізіледі деген сылтаумен өз атына рәсімдеп, іс жүзінде төлем жасамаған.
Сондай-ақ ол компанияға қатысты материалдарды таратпау үшін бұрынғы иесінен 250 мың АҚШ долларын бопсалап, 150 мың долларды алу кезінде ұсталды.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: