Шымкентте мектеп оқушысы өз-өзіне қол салды
14 жастағы жеткіншектің денесін анасы жұмыстан келгенде тауып алған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Туыстары өлімге буллинг ебеп болу мүмкін дейді. Себебі олар жасөспірімнің өзіне қол жұмсар алдында жазған жазбасын телефонынан тауып алған. Онда ол: "Енді сендер мені ұра алмайсыңдар. Енді мені мүлде көрмейсіңдер" деп жазған. Хабарламада марқұм төрт сыныптасының аты-жөнін жазған.
Туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға алдында бала ағасына сыныптастарының қысым көрсетіп жүргенін айтып, көмек сұраған. Жасөспірім оқыған №32 орта мектеп жазбада аты аталған оқушылардың марқұмның сыныптасы екенін растады. Дегенмен кикілжің фактісін растамады.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: