Қазақстан жаңалықтары30 наурыз 2026, 17:34

Шымкентте ондаған адамды алдаған күдікті ұсталды

Шымкентте интернет-алаяқтықпен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Полиция мәліметінше, күдікті TikTok әлеуметтік желісі арқылы алаяқтық схема ұйымдастырған. Ер адам арнайы ашылған парақшада жүргізуші куәлігін жедел әрі қиындықсыз алып беруге көмектесетін жалған қызметтерді ұсынған. Адамдарды сендіру үшін бейнероликтер мен жарнамалық жазбаларды пайдаланылған. Салдарынан 45-ке жуық қазақстандық зардап шекті. Ал алаяқ 20 миллион теңге заңсыз табыс тапқан.

Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Шымкент әлеуметтік желі Күдікті ұсталды
11 тамыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
11 тамыз 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар