Шымкентте оқушыға қол көтерген мұғалім қамалды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мектеп-лицей мұғалімін кәмелетке толмаған оқушыға қол жұмсағаны үшін 25 тәулікке қамады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сот мәліметінше, биыл наурыз айында сабақ өтіп жатқан мұғалім сыныптың есігін қатты соққан оқушының ісіне ашуланып, оны ұрып-соғады.

Оқушы сотта мұғалімге кешірім бермейтінін және қатаң жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы тағылған айыпты мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жеңіл жаза тағайындауды өтінді. Нәтижесінде мектеп-лицей мұғалімі 25 тәулікке қамалды.

Мұғалім Шымкент Қылмыс сот

Тақырыпқа жаңалықтар