Шымкентте сүйек ер адамның ішегін тесіп жіберген
Шымкенттік дәрігерлер ішегі бірнеше жерден тесілген азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
38 жастағы науқас ауруханаға ауыр халде жеткізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, асқазаннан өткен шамамен 3 см өткір сүйек ішекті тесіп жіберген.
Оған шұғыл ота жасалды.
Хирургтер ішекті тесіп тұрған сүйекті алып, зақымдалған ішек бөліктерін тігіп, қалпына келтірді.
Қазір науқастың жағдайы тұрақты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: