Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Шымкентте 80 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтықпен иемденді деген күдікпен халықаралық іздеуде болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тергеу деректеріне сәйкес, ол шымкенттік тұрғындарды тақырға отырғызған. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады. Алаяқтық эпизодтарының бірінде күдікті алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіпкердің сеніміне кіріп, зергерлік әшекейлерін ұрлап кеткен. Сонымен қатар, ол тұрғындардан шетелге арзан бағамен туристік сапарлар ұйымдастырамын деп ақша алып, қаражатты қайтармаған.
Аталған жайттар бойынша күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Қазіргі таңда әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: