Шымкентте жолдағы жанжал адам өлімімен аяқталды

Шымкентте жолдағы жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Шымкент қаласында жол үстінде болған жанжал кісі өлімімен аяқталды. Оқиға сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.

Полиция 40 жастағы ер адамның қаза табуына байланысты күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл іске департаменттің барлық күш-құралы жұмылдырылған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

19 қаңтар 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 15:14 Қазақстан жаңалықтары
19 қаңтар 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 10:33 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар