Шымкенттік дәрігерлер 3 жастағы баланың асқазанынан 16 магнит алды

Шымкентте дәрігерлер 16 магнит жұтып қойған 3 жасар баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қалалық балалар клиникалық ауруханасына іші қатты ауырған бала шұғыл түрде жеткізіліп, дереу күрделі медициналық көмек көрсетілген. Ата-анасының айтуынша, бала ойнап жүріп бірнеше магнитті байқамай жұтып қойған. Қабылдау бөлімінде жүргізілген тексеру барысында баланың іш қуысында бөгде зат бар екені анықталып, рентгенологиялық зерттеу жүргізген. Науқас шұғыл түрде хирургия бөлімшесіне жатқызылып, дәрігерлер жедел ота жасау туралы шешім қабылдады.

Видеоэзофагогастроскопия кезінде асқазан қуысынан диаметрі шамамен 0,5 сантиметр болатын 16 магнит табылып, эндоскопиялық құралдардың көмегімен толық алынып тасталған.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, өміріне төнген қауіп сейілді.

Шымкент Дәрігер Бала магнит
Кеше, 15:19 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 16:26 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:30 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:36 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар