Шымкенттік дәрігерлер 4 жасар баланың ішіндегі үлкен ісікті алып тастады
Шымкенттік дәрігерлер 4 жасар баланың ішіндегі үлкен ісікті алып тастады. Күрделі операция сәтті өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сәбиде сирек кездесетін, бірақ көлемі ұлғайған жағдайда ішкі ағзалардың қызметіне айтарлықтай қауіп төндіретін қатерсіз ісік анықталған.
Отадан кейін балақай дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды.
Қазіргі таңда үйіне шығарылған.
Мамандардың айтуынша, мұндай операция асқан дәлдікті талап етеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: