Шымкенттік экс-депутат Қуаныш Дәулетәлиевке іздеу жарияланды

Шымкент қалалық мәслихатының бұрынғы депутатына іздеу жарияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Соттың бастамасымен Шымкент қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты, кәсіпкер Қуаныш Дәулетәлиевке іздеу жарияланды. Бұл туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми порталында пайда болды.

Порталдағы мәліметке сәйкес, 1976 жылғы Қуаныш Әмірсейітұлы Дәулетәлиевты Тұран ауданының полиция басқармасы жүргізіп жатыр. Экс-депутатқа іздеу кеше жаряланған.

Қуаныш Дәулетәлиев бұған дейін Шымкент қалалық мәслихатының депутаты және «Ауыл» партиясының мүшесі болған.

Шымкент депутат Іздеу сот

Тақырыпқа жаңалықтар