Талғар ауданында 24 жастағы тұрғын көз жұмды: үш күдікті ұсталды
Талғар ауданында 24 жастағы тұрғын көз жұмуына байланысты үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға 11 мамыр күні Нұра ауылында болған.
Жәбірленуші пышақ жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды.
Полиция күдіктілерді - марқұмның үш ауылдасын ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
«Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: