Талғарда жиенін қорғаймын деп қаза тапқан адамның артында 3 баласы қалды
Талғарда жиенін қорғаймын деп, кісі қолынан өлген азаматтың артында 3 баласы қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
6 қыркүйекте Талғарда сұмдық оқиға болды.
Қылмыскер 30 жастағы ер адамды атып өлтіріп, оның 2 жасар жиенін ұрлап кетті.
Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Кішкентай қыз анасына табысталды. Күдікті ұсталды. Ал марқұмның артында 3 баласы шырылдап қалды. Бүгін жерлеу рәсімі өтеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: