«Талғардағы зорлау, адам өлтіру және бала ұрлау ісі»: Күдіктіге 11 бап бойынша айып тағылып отыр

Тергеушілер Талғарды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты істі аяқтады. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 11 бабы бойынша айып тағылған, деп хабарлайды Arbat.Media Tengrinews.kz тілшісіне сілтеп.

Адвокат Асылбек Абдраимовтың айтуынша, ол әріптесі Жандос Палмановпен бірге іс материалдарын зеттеуді бастаған.

"Барлық қажетті тергеу әрекеті мен сараптама аяқталды. Іс танысу үшін тараптарға жіберілді", – деді адвокат.

Негізгі күдікті, Е.-ге Қылмыстық кодекстің 11 бабы бойынша айып тағылған:

 

  •  
  • 99-бап, 2-бөлім, 7-тармақ – "Адам өлтіру, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;";
  • 125-бап, 3-бөлім, 2-1-тармақ – "Адам ұрлау, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса";
  • 120-бап, 1-бөлім – "Зорлау";
  • 121-бап, 1-бөлім – "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері";
  • 190-бап, 3-бөлім, 4-тармақ – "Алаяқтық, адамдар тобы жасаған";
  • 147-бап, 5-бөлім – "Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу";
  • 149-бап, 2-бөлім – "Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу";
  • 115-бап – "Өлтірумен қорқыту";
  • 287-бап, 3-бөлім – "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру";
  • 288-бап, 1-бөлім – "Қаруды заңсыз жасау";
  • 132-бап, 4-бөлім – "Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту".

 

Іс бойынша кәмелетке толмаған А. және К-де сотта жауап береді. Оларға екі бап бойынша айып тағылған:

 

  • 99-бап, 2-бөлім, 7-тармақ – "Адам өлтіру, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;"
  • 125-бап, 3-бөлім, 2-1-тармақ – "Адам ұрлау, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса";

 

Еске салайық, 6 қыркүйекте Талғар маңындағы Қызылқайрат ауылында жұртты дүр сілкіндірген қылмыс болды. Ер адам ауыл тұрғынын атып өлтіріп, оның кішкентай жиенін ұрлап кеткен. Кейінірек арнайы жасақ баланы құтқарып, анасымен қауыштырды. Күдікті ұсталды.

Талғар Қылмыс Тергеу зорлық-зомбылық
11 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар