Таразда 2 баласын терезеден лақтырған әйел психикалық дертпен есепте тұрған
Таразда әйел 4 және 2 жастағы екі баласын терезеден лақтырып жіберді. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Желідегі ақпаратқа сәйкес 36 жастағы әйел жатақхананың бесінші қабатынан қызы мен ұлын лақтырып жіберген.
Абырой болғанда, екі бала да дін аман.
Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Зәкиеваның айтуынша, әйелге бұрын ауыр депрессия диагнозы қойылған. Алайда ол тағайындалған емдеу курсынан толық өтпеген. Дәрігерлердің айтуынша, ұл баланың жағдайы қанағаттанарлық, ал қыз баланың хәлі ауыр деп бағалануда.
Өңірлік омбудсмен зардап шеккен балалардың жағдайын өзі барып тексерген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: