Таразда анасы кішкентай ұлын ұрып, видеоға түсірген
Әлеуметтік желіде қала тұрғынының кәмелетке толмаған ұлын ұрып-соққан видеосы тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел бұл әрекетке бұрынғы «күйеуіне кек қайтару» мақсатында барған болуы мүмкін.
Кадрларда оның баланы ұрып, көзіне шам түсіріп, үлкен қызына да ұруға қосылуды талап еткені көрінеді.
Полиция оқиға бойынша тексеріс бастап, балаға сот-медициналық сараптама тағайындады.
Балалар отбасынан алынып, сәбилер үйіне орналастырылды. Қазір олар дәрігерлер бақылауында, жағдайлары тұрақты. Әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: