Тасқын: Астанадан СҚО-ға қосымша 300 әскери қызметші жіберілді
Су тасқыны салдарымен күресу және алдын алу жұмыстарына қосымша күш ретінде Астанадан Солтүстік Қазақстан облысына әскери қызметшілер жіберілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Солтүстік Қазақстан облысына аумақтық қорғаныс бригадасының 30 әскери қызметшісі Петропавл қаласының шетінде саяжайлар алабында 1 мың қап құм дайындап, Есіл өзенінің бөгетін күшейту жұмыстарын жүргізді. 8 сәуірде облыс әкімінің өтініші мен Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша Қарулы күштерден Астана қаласынан қосымша 300 әскери қызметші бөлінді», - деді Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: