Қазақстан жаңалықтары23 сәуір 2024, 11:04

Тасқын: Тұрмыстық техникаға ақша беріліп, кәсіпкерлердің шығыны өтеледі

Үкімет басшысы тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға тұрмыстық техника алуға қаражат беріліп, кәсіпкерлердің шығыны өтелетінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қол қойдым. 11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алды. Бұл жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін төлейміз. Тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады», - деді Олжас Бектенов.

 

Олжас Бектенов Тасқын тұрмыстық техника кәсіпкерлер шығыны

Тақырыпқа жаңалықтар