Таяу Шығыс елдерінен 6254 қазақстандық елге оралды

Таяу Шығыс елдерінен 6254 қазақстандық елге оралды, деп хабардайды Arbat.Media.

Құзырлы мемлекеттік органдар әуе компанияларымен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастыруда.

«Наурыз айының 7-нен 8-не қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындап, елге 1 786 жолаушы жеткізілді. Жалпы 3 наурыздан бері 37 рейс жүзеге асырылып, 6 254 қазақстандық елге оралды», - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Тақырыпқа жаңалықтар