Телефон номері арқылы алаяқтықты анықтайтын бот іске қосылды
Астана қалалық прокуратурасы телефон номері арқылы алаяқтықты алдын ала анықтайтын ботты іске қосты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Egemen.kz жазады.
Астана қаласының прокуратурасы алаяқтықпен күрес және алдын-алу шеңберінде ықтимал алаяқтарды анықтау мақсатында телефон нөмірлерін тексеру үшін арнайы «Алаяқтыққа қарсы» WhatsApp бот (+7-747-680-02-10) әзірледі.
«Жоба тауарларды сату-алу, сондай-ақ әртүрлі қызметтерді алу кезіндегі алаяқтық әрекеттерден қаржылық шығындар мен басқа да жағымсыз салдарлардың тәуекелдерін барынша азайтуға көмектеседі», делінген прокуратура хабарламасында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: