Қазақстан жаңалықтары7 қазан 2023, 13:13

Теміржолдан студенттің денесі табылды

Ақмола облысындағы Щучинсктегі теміржолдан 19 жастағы студенттің денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жас жігіттің денесі Ақмола облысындағы Бурабай шипажайы – Жамантұз учаскесінде табылды.

«6 қазанда Көкшетау стансасындағы желілік полиция бөлімшесінде ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған теміржол көлігін пайдалану немесе жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, соның салдарынан теміржол көлігін пайдалану және көлік құралын пайдалану қауіпсіздігін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп атап өтті көліктегі полициядан.

 

Ақмола облысы Щучинск Студент Теміржол

Тақырыпқа жаңалықтар