Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды
Энергетика министрлігі өндірістік операциялардың қайта басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 03:35-те алғашқы ұңғыма сәтті іске қосылды.
Қазіргі уақытта 5 ұңғыма пайдалануға берілді.
26 қаңтарда Екінші буын зауыты сәтті іске қосылған болатын. Оның жұмысы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған Королев кен орнынан жеткізілетін шикізатпен қамтамасыз етіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: