Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп бастады
Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орындарының бірі – Теңізшевройлда жыл басынан бері екінші төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды Arbat.Media.
ТШО баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 11 наурызда болған. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген.
«2026 жылғы 11 наурызда Теңіз кен орнындағы нысандардың бірінде өрт болды. Зардап шеккендер жоқ. Компания оқыс жпғдайдың бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр», деп хабарлады ТШО.
Айта кетейік, бұған дейін қаңтар айында Теңізшевройлда өртке байланысты өндіріс апатты түрде тоқтатылған еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: