Тобыл кентінде жүк көлігі жанармай құю станциясына соғылды
Қостанай облысының Тобыл кентінде жүк көлігі автожанармай құю станциясына соғылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.
"Алдын ала деректер бойынша жүргізуші жанармай құю бекетіне соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", – деді ПД өкілдері.
Полиция жүргізген сараптама нәтижесінде жүк көлігінің жүргізушісі мас болмағаны анықталды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: