Тойда экс-келініне қол көтергер ер адам үйқамаққа жіберілді

Түркістан облысында сот тойда ән шырқағаны үшін келінін бірнеше рет ұрған бұрынғы қайын атасын үйқамаққа жіберді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы ақпаратты 6 қыркүйекте облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот санкциясымен оған тергеу аяқталғанға дейін үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатқанын айтты. Тергеу қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданбақ.

Түркістан облыс той полиция

Тақырыпқа жаңалықтар