Қазақстан жаңалықтары12 қазан 2023, 17:00

Токқа түскен 56 жастағы жұмысшы қайтыс болды

Ақмола облысында абайсызда тоққа түскен 56 жастағы жұмысшының өліміне байланысты іс қозғалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Аршалы аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті кәсіпорынның басшысы хабарласып, электриктің тоқ соғып көз жұмғанын айтқан.

56 жастағы жұмысшы экскаваторды электр қуатынан ажыратпаған.

Соның салдарынан 6 мың вольтты электр тоғы соққан.

«Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр».

 

Ақмола облысы тоққа түсті Жұмысшы өлім

Тақырыпқа жаңалықтар