Қазақстан жаңалықтары26 қазан 2025, 11:32

Тоқаев Аустрия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар екіжақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.

Тоқаев Аустрия Президент жеделхат

Тақырыпқа жаңалықтар