Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады
Татьяна Белоусова – Алматыдағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енді.
«Бұл жоғары баға – сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды», – делінген Тоқаевтың құттықтауында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: