Тоқаев мемлекеттік сапармен Ресейге барады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.
«Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады», - деп хабарлады Ақорда.
Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: