Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыспен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Arbat.Media.
21-23 қыркүйек күндері президент ол жақта БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді.
Президент 8 қыркүйек күні БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөз сөйлейтінін айтқан елі.
«Мен жақында Нью-Иорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөз сөйлеймін. Басқосуда халықаралық ахуалға, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалауға қатысты Қазақстанның көзқарасын білдірмекпін», - деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, сапар аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр.