Тоқаев пен Пәкістанның премьер-министрі кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Шахбаз Шариф шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тоқаев кеше, 3 ақпанда іссапармен Пәкістанға барды. Бүгін мемлекет басшысы Пәкістанның премьер-министрімен саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтудың жан-жақты бағыттарын талқылады. Олар соңғы жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасында көпжоспарлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
«Кездесу барысында сауда, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы қарым-қатынасты тереңдету мәселесіне баса назар аударылды», деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев пен Шахбаз Шариф өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.