Тоқаев Қазақстан Иранның ядролық мәселесін шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
Тоқаев Қазақстан Иранның ядролық мәселесін шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми Астана Иранның ядролық мәселесін реттеуге септігін тигізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы 11 мамырда Бразилия Сыртқы істер министрі Мауро Виейрумен кездесуі барысында мәлімдеді.
Кездесуде тараптар халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелерінде күш біріктіру қажеттігін талқылады.
Қазақстан мен Бразилия әлемдегі уран қоры бойынша алғашқы ондыққа кіреді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: