Тоқаев Рустам Миннихановпен кездесу өткізді

Тоқаев Рустам Миннихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Президент Рустам Миннихановты Татарстан Республикасының Раисы болып қайта сайлануымен құттықтады.

"Сіздің Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарын аралап келгеніңізді білемін. Қазақстан аумағында кәсіпорындар ашуға қатысты жоспарыңыз бар. Біз Татарстаның Қазақстандағы барлық бастамасын қолдаймыз", – деді президент.

Тоқаев «КамАЗ» және «Татнефть» компанияларымен бірлескен инвестициялық жобаларға баса мән беру қажет деп санайды.

Тоқаев Кездесу Ақорда Татарстан

Тақырыпқа жаңалықтар