Қазақстан жаңалықтары19 ақпан 2026, 11:31

Тоқаев Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен келді. Президент Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты. Мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын мәлімдеді.

Студенттер мен жас зерттеушілер ғылым және білім саласына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.

Айта кетейік, сапар аясында мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар елдің көшбасшыларымен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді.

Тоқаев АҚШ жұмыс сапар

Тақырыпқа жаңалықтар